"Біз шешуші сәтке таядық": Батыста Трампқа үрейлі ескерту жасалды

АҚШ президенті Дональд Трампқа үрейге бой алдырмау қажет, бірақ Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттемесе, Еуропа толыққанды соғыс құрсауында қалуы мүмкін екенін түсінуі тиіс, деп хабарлайды POLITICO.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы Хельсинки университетінің профессоры Туомас Малинен әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді.
"Біз шешуші сәтке таяп келеміз", – деп жазды ол.
Сарапшының айтуынша, егер АҚШ көшбасшысы Украина мәселесін шешудің жолын таба алмаса, бұл Еуропа мен Таяу Шығысқа ауыр соққы болып тиеді, ал әлемдік экономика ауыр дағдарысқа ұшырайды.
"Біз не бейбіт келісімге қол жеткізіп, әлемдік сауда жүйесін қалыпқа келтіре аламыз, соның нәтижесінде қалыпты рецессияны өткереміз, не болмаса Украинадағы қақтығыс Еуропаны шарпып, Таяу Шығыс жарылып, әлемдік экономика терең күйзеліске ұшырайды. Қорықпаңыз, мырза президент пен вице-президент!" – деп үн қатты Малинен Дональд Трамп пен Джей Ди Вэнске.
Осыдан кейін Ақ үйдің басшысы украин дағдарысын реттеу бойынша негізгі ұстанымдардың көпшілігі келісілгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресейді және Украинаны жоғары деңгейдегі келіссөздерге шақыру қажеттігін атап өтті. Трамп қақтығысты тоқтатуға АҚШ тарапынан толық қолдау көрсетілетінін де уәде етті.
Соңғы жаңалықтар





