Блогер Диана Скатова үйлену тойын ақылы тікелей эфирде көрсетпек
Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен өтетін үйлену тойын ақылы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Жұп 30 тамызға жоспарланған салтанатты кешті арнайы Telegram-бот арқылы онлайн тамашалауға мүмкіндік бермек.
Тойдың тікелей эфиріне кіру құны – 990 теңге. Желі қолданушылары алдымен бот арқылы төлем жасап, түбіртекті модераторға жіберуі қажет. Төлем расталғаннан кейін оларға жабық Telegram-арнаға сілтеме беріледі.
Блогердің бұл шешімі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Оқырмандардың бір бөлігі мұны ерекше маркетингтік қадам деп бағаласа, енді бірі тойды көру үшін ақша төлеуді орынсыз санап, кейін таралатын видеоларды күтетінін жазған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
12:25
Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін ...
14.11.2026
11:36
Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген кү...
14.11.2026
10:27
Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? ...
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...