«Бөксесі мен кеудесі арқылы танылып жүр»: Актриса отадан кейін сынға қалды

«Бөксесі мен кеудесі арқылы танылып жүр»: Актриса отадан кейін сынға қалды
27.05.2025 10:52
0
791
Фото: instagram.com/djurinskaya

Отадан кейін кеудесін көрсеткен актриса Жәния Джуринская жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Актриса жуырда омырауын үлкейтіп, ота жасаған еді. Бұл жолы арнайы фотосессия кезінен суреттерін көрсетті. Дегенмен Жәния Джуринскаяның суреттері желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ. Көпшілік кино актрисасын сынап, түрлі пікір жазды.

«Бұрын өнер адамдарын таланты мен қабілетіне қарай бағалайтын еді. Қазіргілер бөксесі мен кеудесі арқылы танылып жүр», «Әйелін қызғанбайтын еркек жұмаққа кірмейді, деп ескерткен», «Ұят қайда? Кеудеңізді шығарып, не болып барамыз біз», – деп желі қолданушылары жаза жөнелді. Еске салсақ, актриса омырауын үлкейту үшін қырғызстандық хирургтардың көмегіне жүгінген.

«Жәния – асқан сұлу келіншек. Екі баланың анасы. Өзі ғажап сақталған. Біз тек осындай сұлулыққа кішкентай үлес қостық», – деп жазды дәрігер-хирург.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий