Болат Назарбаев «таныс арқылы» Бурабайдан жер алған ба

13.11.2025 14:29 Әсел Мұрат
Болат Назарбаев «таныс арқылы» Бурабайдан жер алған ба
0
222
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Болат Назарбаев

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабайда кімдердің «таныс арқылы» жер алған болуы мүмкін сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде журналист әкімнен бұған дейін айтқан сөзіне қатысты сұрақ қойды. Ол кезде әкім Бурабайда жерлер «таныстық арқылы» заңсыз берілген болуы мүмкін деген еді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару департаменті Болат Маржықпаевқа, Болат Назарбаевқа және оның балаларына қатысты іс бастады. Сіз айтып отырған «таныс арқылы алғандар» солар ма?» – деп сұрады журналист.

Бұған жауап ретінде Марат Ахметжанов жердің нақты кімге тиесілі екенін «сот кабинетінен» қарауға кеңес берді. Алайда журналист өз сұрағына нақты жауап алу үшін «Өзіңіз айтқан жерді заңсыз алған болуы мүмкін дегендер аты аталған осы адамдар ма?» деп қайта сұрады.
 

«Мұның оған қандай қатысы бар? Мен кез келген адам оны таныс арқылы алған болуы мүмкін екенін айттым. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысуы керек. Егер заң бұзушылықтар болса, жер заңсыз берілсе, құқық қорғау органдары оның мән-жайын анықтап, кім алды, қандай заң бұзылды және қандай артықшылықпен үй берілді – соны тексеруі қажет. Бұл кез келген азамат болуы мүмкін. Міндетті түрде жоғары лауазымды шенеунік емес, жемқорлық, парақорлық немесе сатып алу да болуы мүмкін. Сондықтан мұны анықтау қажет», – деп түйіндеді әкім.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий