Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас Алакөлде қалай демалып жатқанын көрсетті
1307
Жақында ғана жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас әлеуметтік желіге оралды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, оқырмандарына Алакөлдегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды politico.kz KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан бойда інісінің дүкенінің ашылуына барып, тыңдармандарымен қайта қауышқан болатын. Мерекелік шара аяқталған соң өнер иесі отбасымен бірге демалып қайтуды шешкен. Жұлдызды жанұя Алакөлге аттанып, бүгінде ерекше уақыт өткізуде.
Қайрат Нұртас абақтыдан шыққан кейін алғаш рет желіде видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Бейнежазбада әншінің жағалауда тұрғаны мен анасымен гидроскутермен келе жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті.
Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Фото: Instagram/kair_n
Соңғы жаңалықтар
21.08.2026
09:19
"Әлі күнге дейін суреттері мен хаттары сақтаулы...
21.08.2026
09:03
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
20.08.2026
23:30
ШҚО-да полицей канализация құдығында ес-түссіз ...
20.08.2026
22:47
Танымал журналист қалай 80 келіге арықтағанын а...
20.08.2026
22:00
Мұхит Сапарбаев: Менің өміріме онкология келді
20.08.2026
21:44
Дина Төлепберген: Менің өмірлік миссиям — 100 д...