БҚО-да қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері қаза тапты
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полиция қызметкері жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 шілде күні болған. Апат салдарынан Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полицияның аға сержанты Нұрғали Әдиетов оқиға орнында көз жұмған.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қаза тапқан әріптестерінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың ішкі істер органдарындағы адал қызметі мен еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, олардың қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар