Қазақстанда қант бағасы күрт көтерілді

03.07.2026 21:29 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда қант бағасы күрт көтерілді
224

Қазақстанда қант бағасы бір апта ішінде айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Politico.kz сайты informburo.kz-ке сілтемемен.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, бұл – соңғы төрт жылдағы ең жоғары апталық өсім.

24 маусым мен 1 шілде аралығында ел бойынша қанттың орташа бағасы 1,6%-ға артқан. Сарапшылар мұндай өсімнің соңғы рет 2022 жылдың маусымында тіркелгенін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері қант бағасы біртіндеп өсіп келгенімен, апталық өсім әдетте 0,2%-дан аспаған. Алайда маусым айының екінші жартысында баға қарқынды көтеріле бастады: алдымен 1,1%-ға, кейін тағы 1,6%-ға өсті. Соның нәтижесінде жыл басынан бергі жалпы қымбаттау 4,1%-ды құрады.

Өңірлер арасында ең жоғары өсім Павлодарда тіркеліп, қант бағасы бір аптада 12,5%-ға көтерілген. Одан кейін Семей (5,5%), Көкшетау (4,8%), Атырау (3,1%), Түркістан (2,9%), Петропавл (2,2%) және Орал (1,7%) орналасқан.

Елордада қант бағасы 1,3%-ға өскен болса, Алматыда баға өзгеріссіз қалған.

Войдите, чтобы оставить комментарий