Бүгін - Халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің туғанына 120 жыл
804
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына — 120 жыл, деп хабарлайды Politico.kz.
Жүсіпбек Елебеков Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында Әлібектің, «Қыз Жібек» пен «Айман-Шолпан» операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын орындады. Көптеген драмалық спектакльде ойнады.
Әншінің репертуары негізінен халық әндері мен халық композиторларының сыршыл туындыларынан тұрады. Ол орындайтын әндер әуезді, ерекше талғаммен таңдалған. Елебеков ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген.
Фото: e-history.kz
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...