Бүгін – көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні
Бүгін – 93 жыл бұрын (1931-1998) қазақ өнерінің жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келген күн.
Еске сала кетсек, Өзбекәлі Жәнібеков – Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтынан білім алған.
- 1952-1962 жылдары мұғалім, орта мектептің оқу ісі меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің штаттан тыс насихатшысы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің хатшысы-бөлім меңгерушісі;
- 1962-1975 жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің бірінші хатшысы, Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы;
- 1975-1977 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі;
- 1977-1987 жылдары Қазақ ССР Мәдениет министрінің орынбасары, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
- 1987-1988 жылдары Қазақ ССР Мәдениет министрі;
- 1988-1991 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы қызметін атқарған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...