"Бүгін қоштастық". Белгілі актриса қайғылы қаза туралы жеткізді

07.02.2025 10:01
0
1216
Әлеуметтік желі

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсупов туралы жазба жариялады.

Жарқынай Ханайым продюсері әрі қайын ағасы Әділжан Юсупов жайлы суық хабардан соң естелігін бөлісті.

"Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз", - деп жазды актриса.

Актриса оның әрдайым өзіне қолдау білдіргенін атап өтті.

"Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдау болдыңыз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз", - деп жазды Жарқынай Ханайым.

Ақпарат aikyn.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий