“Бүгін тарихи күн!”: Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
931
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін Президент бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингке қатысып, бүгінгі саяси науқанның маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күнді Қазақстан үшін тарихи оқиға деп бағалады. Оның айтуынша, бұл — елімізде бір палаталы Құрылтай депутаттары алғаш рет сайланып отырған маңызды күн.
Мемлекет басшысы Қазақстанда ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, Құрылтай сайлауы осы реформалардың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.
«Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...