«Бұл - Қазақстан ғой, мұнда ешнәрсеге ақша жоқ»: танымал сериалдағы диалог жұртты ашуландырды
Z Nation (Z қауым) - зомби апокалипсисі тақырыбындағы америкалық шытырман оқиғалы телесериал. Желіде осы сериалдың бір үзіндісінде Қазақстан туралы айтылған көрініс тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Аталған эпизодта Семей қаласындағы биологиялық қару жасалған-мыс деп көрсетілген тастанды зертхана бейнеленген.
Кадрда кейіпкердің мынадай сөзі айтылады:
«Үкімет зертхананы тастап кеткенде, оны жай ғана мөрлеп, кетіп қалды. Ал орыстар биологиялық қаруды ашық қолжетімді жерде қалдырды ма? Бұл - Қазақстан ғой, мұнда ешнәрсеге ақша жоқ, тіпті полицейлердің жалақасына да», - дейді сериал кейіпкерлері.
Бұл сөздер әлеуметтік желіде қызу талқыланып, пікір қалдырған қазақстандықтардың кейбірі сериалдағы сөздерге көңілі тигенін жазса, енді біреулері «шындыққа ренжудің қажеті жоқ» деген пікір білдірді.
Пікірлер арасында:
«Шындыққа ренжимейді»,
«Ешқандай мазақ емес, ащы шындық»,
«Жаман, көңілге тиеді екен»,
«Режиссер мен актерлардың кешірім сұраған видеосын күтеміз, достар», - деген жазбалар бар.
Z Nation (Z қауым) – бес маусымнан тұрады. Бесінші маусым 2018 жылдың 5 қазанында көрсетіліп, 22 желтоқсанда сериал ресми түрде жабылды.
@osyndamyz Әлемдік киноларда мазақ болып жатырмыз ба 🤬
♬ оригинальный звук - Baadshah
Соңғы жаңалықтар