«Бұл үшін ұялмаймын»: Бердібек Сапарбаевтың ұлы өзін сынағандарға жауап берді
1024
Танымал мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Айтуынша, бала күнінен бері оны «әкесінің баласы» деп атайды екен. Ол өзінің жазбасымен «әкесінің баласы» дейтіндерге жауап берді.
«Мені бала күнімнен бері әртүрлі атап келді.
«Әкесінің баласы».
«Алтын жастардың өкілі».
«Сенің жай ғана жолың болды».Мен бұған ешқашан қарсы шыққан емеспін.
Иә, мен — әкемнің ұлымын.
Және мен бұл үшін ұялмаймын.Алайда уақыт өте келе бір ақиқатты түсіндім:
біреудің ұлы болу — артықшылық емес.
Бұл — жауапкершілік.Әкесінің атына кір келтірмеу жауапкершілігі.
Адам болып қалу жауапкершілігі.
Өз жолыңмен жүру, өз өміріңді сүру жауапкершілігі.Бәріміз де біреудің баласымыз.
Мәселе онда емес.
Мәселе — сенің кім болатыныңда», - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
28.08.2026
23:19
«Сұлудың жоқ дегенін сыйла»: Әділет Жауғашар да...
28.08.2026
22:22
Непалдағы жойқын тасқынның салдары ауыр: 550-де...
28.08.2026
21:30
«Сарбаздың құны 100 мың теңге ме?»: Алматыда бұ...
28.08.2026
20:42
Бақытжан Базарбек комадағы Нұржігіт туралы күтп...
28.08.2026
19:49
Ескерту жасағаны үшін: Петропавлда пациент дәрі...
28.08.2026
19:03
ШҚО-да алаяқтық үшін сотталған ер адам түрмеден...