"Бұл жолы өзгеше": Жұлдыз Әбдікәрімова перзентханадан кейін мәлімдеме жасады

21.08.2025 15:27
0
589

Актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын өмірге әкелді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Қайырлы күн, қымбаттыларым! Жаратқанға сансыз шүкір, аман-есен босанып, бөпемді қолыма алдым. Шілде терімді шығарып, өзімді күтіп, барлық әбігерден бойымды аулақ ұстап жатырмын. Қазір әр сәтімнен қуаныш тауып, шаңырағымда жұмақтың иісін сезінудемін», – деп жазды ол.

Әбдікәрімова босану процесінің ерекшеліктеріне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл жолы дәрігерлер ота жасауды ұсынғанымен, ол табиғи жолмен босануды жөн көрген.

«Аллаға мың алғыс, бәрі өз уақытында өтті. Сондықтан отадан бас тарттым. Бұл жолы жағдай сәл өзгеше болды, өйткені белгілі бір қауіп-қатер бар еді», – деді актриса.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий