Бурабайда жұмыс уақытында пикникке шыққан білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
361
Ақмола облысы Бурабай аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынай Ахмеджанова жұмыс уақытында көл жағасында демалған видеосынан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін Щучинск тұрғыны Тұрдыхан Айтбаев мектеп директорлары мен білім бөлімі қызметкерлерінің курорттық аймақта жүргенін видеоға түсіріп алған еді. Осы жағдайдан соң ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шағым түсіріп, ведомство қызметтік тексеріс бастады.
Ақмола облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, кадрдағы қызметтік көлік аудандық білім бөлімінің басшысына бекітілген.
Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны үшін Ахмеджановаға алдымен сөгіс жарияланған. Алайда тексеріс басталғаннан кейін көп ұзамай ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазды. Басқарма бұл шешімнің нақты себептерін түсіндірмеді.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...
05.10.2026
20:49
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрл...