Бұрынғы әкім жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін жаза алды
976
Жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған бұрынғы әкім 10 күнге қамауға алынды
Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының мәліметінше, Викторовка ауылдық округінің бұрынғы әкімі Виктор Рукавишников жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2024 жылдың ақпан айында Рукавишников ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Алайда ол бұл шектеуге қарамастан, қайтадан рөлге отырған.
Сот барысында бұрынғы әкім өз кінәсін толық мойындады.
«Сот қаулысымен Рукавишников әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
17:35
Шикізат өзіміздікі, өңдеу өзгеде: Қазақстан мыс...
05.10.2026
17:06
Алматы облысында екі баланы қағып кеткен жүргіз...
05.10.2026
17:04
Экс-әкім Досаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды
05.10.2026
16:32
Каспийдегі қасіреттен кейінгі тексеріс: Смайыло...
05.10.2026
16:12
Тағы бір бойжеткен полицейлерді жыныстық сипатт...
05.10.2026
16:00
«Үйінен қашып кеттім»: Абай Бегейдің қызы қалай...