«Бұрынғы мұғалімі». Түркістан облысында ер адам қызды зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті
1975
Түркістан облысы Келес ауданы Амангелді ауылында жантүршігерлік қылмыс орын алды.
Әлеуметтік желіде қорқынышты оқиға туралы ақпарат тарады деп жазады Azattyq Rýhy сайты.
30 жастағы күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде 16 жастағы оқушы қызға көз салып, қырындап жүрген. 16 жастағы қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтқан сияқты. Мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған. Өшін алу үшін ол түнде үйлеріне кіріп, қызды зорлап анасымен бірге өлітіріп кеткен. Бүгін бір үйден екі бірдей жаназа шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, талдырған. Қызды бөлмеге апарып, есікті бекітіп алып, бетінен, кеудесінен түк қалдырмай, тістеген. Ауыл қатты ашулы, отбасылы әйел төртінші баласын босанғалы жүрген, - деп жазған хат авторы.Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деді облыстық полициядан.Түркістан облысының полиция департаменті «күдікті бұрынғы мұғалім болды және 16 жастағы қызды өлтірмес бұрын зорлаған» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Соңғы жаңалықтар
21.05.2026
23:29
АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге ...
21.05.2026
22:41
Қазақстанда ірі шетелдік инвестициялық жобалар ...
21.05.2026
22:28
Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақ...
21.05.2026
21:39
Алматыда әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыба...
21.05.2026
21:19
Алматыда қоқысты энергияға айналдыратын зауыт с...
21.05.2026
20:19
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды