Дана Есеева: Сәлем салуда тұрған еш проблема жоқ

Кәсіпкер, блогер Дана Есеева сәлем салу дәстүріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында келін болып түскеннен бері орамал тағып, сәлем салатынын айтты.
“Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасың ба?” деген сұрақтар жиі қойылады. Мен бұдан ешқандай проблема көрмеймін. Бұл – дәстүр. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиындығы жоқ. Қайта батасын аласың. Мен керісінше, шашым ағарғаннан кейін орамалды тастамай тақтым,” – деді ол.
Дана Есееваның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Кейбірі оның дәстүрге деген құрметін қолдаса, енді біреулері мұны әркімнің жеке таңдауы деп санайды.
Соңғы жаңалықтар





