«Дәрігермін» деп алдайды: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
782
Қазақстанда алаяқтардың жаңа схемасы анықталды
Қазақстанда алаяқтардың жаңа айласы таралуда, деп хабарлайды Politico.kz.
Олар өздерін дәрігер ретінде таныстырып, азаматтардың атына несие рәсімдеуге әрекеттеніп жатыр. Белгілі болғандай, алаяқтар адамдарға емханадан шыққаннан кейін бірден хабарласып, өздерін медицина қызметкері ретінде таныстырады. Олар сенімге кіру үшін дәрігердің аты-жөнін, қабылдау бөлмесін және басқа да мәліметтерді нақты айтып, кейін банк деректеріне қол жеткізуге тырысады.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл әрекеттерді әлеуметтік инженерия тәсілі деп бағалап отыр. Министрлік өкілдері емхана қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-код сұрамайтынын және жеке мәліметтерді талап етпейтінін ескертті.
Мамандар күмәнді қоңырауларды бірден тоқтатып, ақпаратты міндетті түрде өз емханаңыз арқылы тексеруге кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...