«Даяшыны құлатып, аяқ киімін шешіп алған»: тойдағы ойын елге жақпай қалды

13.02.2026 12:49 Мөлдір Талғат
«Даяшыны құлатып, аяқ киімін шешіп алған»: тойдағы ойын елге жақпай қалды
283
Фото: коллаж Sn.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы тойлардың бірінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бейнежазбада бірнеше адамның даяшы қызды жерге құлатып, аяқ киімін шешіп алғаны көрінеді. Желіде тараған мәліметке сәйкес, асаба ұйымдастырған ойын барысында қатысушыларға «әзіл ретінде» даяшының аяқ киімін алып келу тапсырмасы берілген.

Куәгерлердің айтуынша, байқауға қатысушылар қызмет көрсетіп жүрген қыздың рұқсатынсыз, күш қолдану арқылы аяқ киімін шешіп алған. Кадрлардан даяшының абдырап, жерге құлап қалғанын анық байқауға болады.

Оқиға желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік мұндай “ойындар” адамдық қадір-қасиетке қайшы екенін айтып, қызмет көрсетушілерге құрметпен қарау керектігін жазуда. Кейбірі қонақтарды жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Әзірге той ұйымдастырушылары немесе полиция тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий