Депутат "Штрафстан" сөзі үшін түсініктеме берді
893
Азат Перуашев: "Қазақстан өз беделін қорғауы тиіс"
Депутат Азат Перуашев бұған дейін айтқан "Штрафстан" сөзіне қатысты түсініктеме беріп, оны сәтсіз таңдалған термин деп мойындады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Перуашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің беделіне қатысты ескертуімен толық келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішіндегі мәселелерді талқылау бір бөлек, ал оларды халықаралық деңгейде жағымсыз сипатта тарату – басқа мәселе.
"Біз өз елімізді құрметтеуіміз керек. Бізге шетелдік инвесторлар мен туристер келуі үшін елдің беделін сақтау маңызды. Олар "жаман" елге келмейді, керісінше өзін құрметтейтін және мақтан тұтатын елдерге барады," – деді депутат.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде жауапкершілік шараларының құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес болуы керектігін айтқысы келгенін түсіндірді.
"Не істейік, сәтсіз термин қолданып қойдым. Ондай нәрсе болады," – деп түйіндеді Перуашев.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...