Дикий Арманның сыбайласы ұсталды

Дикий Арманның сыбайласы ұсталды
2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты жүргізілген тергеу аясында атышулы қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке, яғни Дикий Арманға қатысы бар деген күдікке ілінген азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың 5–7 қаңтар аралығында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікпен ұсталған азамат Жұмагелдиевтің бандасының мүшесі ретінде тергеліп жатыр. Қылмыс жасалған соң ол елден жасырынып кеткен және үш жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген. Ақыры күдікті Дубайда қолға түскен.
Оның экстрадициясы Қазақстан Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің бірлескен әрекеті нәтижесінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның мәліметінше, оған тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мүлкін тәркілеу де мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





