«Әділдік және Өркендеу» Қорының Маңғыстау өңіріндегі өкілдік белсенділері қарттарға көмектесті
Қоғам белсенділері барғандар арасында 57 жастағы әйеладам мен 86 жастағы жалғыз тұрып жатқан қарт әже бар. Қор өкілдерінің атаулы көмегін 20 адам алды. Олардың көбінде мүгедектігі немесе ауыр созылмалы аурулары бар. «Бірі жақындарынан айырылса, екіншісі ауру салдарына үйден шыға алмай отыр. Арасында зейнетақысы тым аз жесір әйелдер де бар. Егде жастағы адамдардың көбі қарым-қатынас пен қолдаусыз қалудың оңай еместігін айтады. Біз қиын жағдайда жалғыз қалған адамдарға қол ұшын созу қажет деп санаймыз. Қор қағидаттарының бірі еліміздің барлық азаматына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Кедейлікпен күрес бірінші кезекте тұруы керек, онымен бірлесе күресуіміз керек», — деді Нұрбол Конжар. Белсенділердің пікірінше, аға буын өкілдері үшін материалдық және моральдық қолдаумаңызды.
"Осы адамдарға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгеніміз абзал. Барлық бей-жай қарамайтын азаматты аға ұрпаққа қолдау білдіруге шақырамыз. Мейірімді болайық», — деп, Ақтау белсенділері қазақстандықтарға үндеу тастады.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сайкелетін әділ қоғам құруға бағытталған. Ел өңірлерінде Қордың қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Сіз Қордың жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеугеонлайн қол қоя аласыз.