Димаш Құдайберген сүйінші сұрады
Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген DIAFA марапатын иеленді. Марапатты табыстау салтанаты Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті.
Бұл қуанышты жаңалығын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жария етті. Қазақстаның Халық әртісі өнерге қосқан үлесі үшін Дубайда ерекше марапатқа ие болған.
"Құрметті DIAFA өнерге қосқан үлесім үшін берілген марапатқа алғыс айтамын. Рақмет, Дубай", - деп жазды эстрада жұлдызы.
"Халықаралық араб фестивалінің беделді премиясы (DIAFA)" — бұл Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында жыл сайын өтетін марапаттау салтанаты. Оның барысында әлеуметтік жағдайды жақсарту мен қоғамның дамуына үлес қосқан халықаралық және араб қайраткерлері марапатталады. DIAFA-ның алғашқы марапаттау салтанаты 2017 жылы өткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
23:38
Павлодарда мектеп оқушысы террорлық шабуыл тура...
11.11.2026
22:21
“Балалардың зәресін ұшырды”: Қаскелеңде жартыла...
11.11.2026
21:48
Мұхтар Шахановтың кесенесі аяқталуға жақын: сәу...
11.11.2026
21:22
Мәскеудегі саммитте Арменияға қатысты күтпеген ...
11.11.2026
21:13
Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны бас...
11.11.2026
20:59
Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды...