Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі туристерді таң қалдырды

05.01.2026 18:54 Берік Арманов Берік Арманов
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі туристерді таң қалдырды
0
308
Фото: видеодан скрин

31 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласының қақ орталығында орналасқан Times Square алаңында Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар бейнеролик көпшіліктің көзайымына айналған, деп хабарлайды Politico.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Димаш Құдайберген түскен бейнеролик 31 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Times Square алаңындағы үлкен экранда әр 30 минут сайын шығып тұрған. Тәулік ішінде ролик жалпы саны 44 рет эфирге шыққан. Әр көрсетілімнің ұзақтығы 30 секунд. 

Экран әйгілі Coca-Cola билбордына бағытталып орнатылған. Бұл билборд Times Square алаңының ең танымал әрі туристер жиі жиналатын нүктелерінің бірі саналады. Осы себепті Димаштың бейнеролигі көпшіліктің назарын ерекше аударды.

New Year’s Eve мерекесін ресми түрде қарсы алу аймағында сол күні шамамен 120 мың адам жиналған. Көп көрермен дәстүрлі жаңа жылдық шардың төмен түсу сәтін (ball drop) көру үшін алаңға 8 сағаттан астам уақыт бұрын келіп, орын алған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий