Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады

Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады
24.02.2025 10:01
0
124
видеодан алынған кадр

Желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген аруға сақина таққан видеосы тарады.

Отандасымыз осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде жеке өмірі құпия болғанын, болашақта жұбайын ешкімге көрсеткісі келмейтіні туралы айтқан.

Жуырда YouTube желісінде әншінің ақ көйлекті арудың саусағына сақина тағып жатқан видеосы тарап, желі қолданушылары екіұдай күйде қалды. Бірі құттықтап жатса, енді бірі бұл жарнамалық видеоролик екенін айтты.

«Димаш балам, бақытың баянды болсын, жандарым!», «Димаш балам, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Ғұмыр жастарың ұзағынан болсын!», «Ол өзінің жеке өмірін ешқашан көпшілікке жария етпейді. Өте орынды», «Бұл жарнамалық видеоролик қой», «Олар жарнамаға түсіп жатыр», «Димаш үйленіп жатыр ма? Бақыттарың баянды болсын!», «Бұл шынымен болғанда Димаш үшін қуанар едік. Қыз бала өте әдемі екен», - деп жазды желі қолданушылары.

Ақпарат Azattyq Rýhy агенттігінен алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий