Дина Төреәлі екінші ұлын қырқынан шығарды 

Дина Төреәлі екінші ұлын қырқынан шығарды 
05.01.2025 14:05
0
125
Instagram/tattti_kyz

Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген белгілі блогер Дина Төреәлі жақындарының арасында ұлының "Қырқынан шығару" рәсімін өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Төреғали Төреәлінің қарындасы отбасындағы қуанышты жаңалықты Instagram-дағы парақшасында жария етті. Желі жұлдызы түрлі фотолар бөлісіп, көпшілікке "Қырқынан шығару" рәсімі қалай өткенін көрсетті. 

Жұлдызды жанұя барлық дәстүрді ұстанып, сәбиді бесікке бөлеген. Оған қоса Дина Төреәлі бұл атаулы күнге қатты дайындалған. Ол баласының алғашқы мерекесіне орай үй мен дастарханды ерекше безендірген. 

"Алланың қалауымен бүгін Ибраһим баламызды 33 күнде қырқынан шығардық. Адам қатарына қосылған кішкентай балапаным үлкен азамат болып өссін. Естелікке суреттерді осында қалдырдым", - деп жазды блогер. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или