Дональд Трамп: «Өкінішке орай, тірі қалғандар жоқ»
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуы нәтижесінде тірі қалғандардың жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Өкінішке орай, тірі қалғандар жоқ», – деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде. Ол сондай-ақ қаза тапқандар арасында Ресей азаматтары бар екенін растады және көңіл айтты. Құтқарушылар қазірге дейін 28 адамның денесін судан шығарды.
29 қаңтарда кешкі уақытта American Airlines әуе компаниясының Уичитодан Вашингтонға бағыт алған Bombardier CRJ700 ұшағы Рональд Рейган әуежайына қону кезінде әскери Black Hawk тікұшағымен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер болған. Барлығы 67 адам қаза тапты.
Қаза тапқандардың арасында 14 мәнерлеп сырғанаушы, соның ішінде ресейлік чемпиондар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов бар. Олар АҚШ-та жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, Skating Club of Boston клубының екі жас спортшысы – 16 жастағы Спенсер Лейн мен Джинна Хан және олардың аналары да осы рейсте болған.
Апаттың себептері анықталуда. Президент Трамп құтқару және тергеу жұмыстарының барысын бақылауда ұстап отыр.