Дональд Трамп Қазақстандағы вольфрам кен орнын сатып алмақшы - Bloomberg

Дональд Трамп Қазақстандағы вольфрам кен орнын сатып алмақшы - Bloomberg
22.10.2025 15:36
0
261
Фото: Getty Images

Беделді Bloomberg басылымының хабарлауынша, Дональд Трамптың тобы Қазақстандағы вольфрам кен орнына қол жеткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Басылым дерегіне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі әлемдегі ең ірі пайдаланылмаған вольфрам кен орындарының біріне қол жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Аталған металл Пентагон тарапынан оқ-дәрілер, снарядтар және өзге де қару-жарақ түрлерін өндіру үшін қолданылады. Басылымның жағдаймен таныс дереккөздерінің айтуынша, сауда министрі Говард Лютник Қазақстанмен осы металдың екі ірі кен орнын игеру жөніндегі өтінішті қарастыру мақсатында келіссөздер жүргізуге атсалысқан.
«Келіссөздер Ақ үйдің Қытайдан сирек жер металдары мен стратегиялық минералдардан бас тарту жағдайында осы ресурстың жеткізілімін арттыруға бағытталған күш-жігерімен үндесіп отыр.
Толық мәліметтер әлі нақты емес, бірақ қарастырылып жатқан ұсыныстар аясында АҚШ тарапына бұл мәміле үшін несие беру көзделіп отыр. Трамп әкімшілігі әзірге бұл кәсіпорыннан үлес алуды мақсат тұтпайды», – деп хабарлаған басылым.
Bloomberg дерегі бойынша, АҚШ кем дегенде қытайлық компаниямен едәуір бәсекеге тап болған. Ол компания Қазақстанға нарықтық бағадан жоғары сома ұсынуға дайын.

«Вольфрам бойынша мәміле АҚШ-ты осы учаске үшін Қытаймен тікелей бәсекеге әкеліп отыр. Бұл – экономикалық держава деңгейіндегі елдердің бұрынғы кеңестік республика аумағындағы кен орны үшін тендерлік бәсекеге түсуінің өте сирек кездесетін мысалы. Жағдаймен таныс дереккөздердің айтуынша, вольфрам кен орындарының құны миллиардтаған доллармен бағаланады», – делінген Bloomberg сайтында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий