«Дұғамнан тастамай жүрдім». Төреғали Төреәлі Сметовке өзінің әні рух берді деп есептейді
1033
Әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке қалай қолдау білдіргенін айтып берді. Ол спортшыны күтіп алу үшін Ташкент сапарынан да бас тартқан, деп хабарлады politico.kz.
Ташкентке бармаған себебімді айтайын. Еліміз үшін тарихи сәт. Әрі ол – менің досым. Алтын медальдан қанша жыл үміт үзбей дайындалып жүргеніне куәмін. Алматыда дайындықта жүргенде біраз уақыт бірге жүріп, сол арманы менің де арманым болып кетіп еді. Тіпті дұғамнан тастамай жүрдім. Ал алтынды қоржынымызға түсірген уақытта бізді дос еткен елімізге деген қызмет және осындай қуанышты барша қазаққа сыйласақ деген ниетіміз түзу екенін түсіндім, – деп жазды әнші.Оның айтуынша, спортшыға өзі орындайтын әндері рух берген көрінеді.
Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат. Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы – күллі қазақ бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз, «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды» дейін. Қаншама халықтың қолдауы үлкен рөл атқарады. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім. Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім, менің әндерім рух берген шығар, – деп жазды Төреғали.Фото: instagram.com/toregalitoreali
Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
23:08
Алматыда дипломын жыртқан түлек жауапқа тартылды
15.07.2026
22:14
Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлт...
15.07.2026
21:48
Базарда жоғалған әйел өз анасының үйінен небәрі...
15.07.2026
21:14
Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңге...
15.07.2026
20:41
Әнші Қарлығаш Сұлтанша: Балам ауырғанда ешкім қ...
15.07.2026
20:17
Дрон шабуылынан кейін Ресейдегі алып мұнай зауы...