"Дұрыс ұзата алмадық": Роза Әлқожа туған сіңлісіне автокөлік сыйлады
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Роза Әлқожа туған сіңлісі Бибі-Айшаға дүбірлі той кезінде тосынсый жасап, өз жанұясының атынан су жаңа көлік сыйға тартты.
Роза Әлқожа ерекше отбасылық сәтті Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесі сіңлісінің қуанышында көпшілік алдында оған естен кетпес тосынсый жасауды ұйғарған. Әнші өз отбасының атынан сіңлісіне су жаңа көлік сыйлады.
Бейнежазбажа Роза Әлқожаның туғанына темір тұлпардың кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызының сіңлісі мұндай сыйлықты күтпей, қатты таңғалып қалған.
"Айшамызды дұрыс ұзата алмадық. Дамир күйеубаламыз алып қашып кетті. Айдын екеуміз жас отбасы болдық, ол кезде ата-ана болмақ түгілі, отбасы болуды үйреніп жүрген кезіміз. Бибі-Айша бізбен бірге бар қызықты бөлісіп, бізден тәрбие алды. Енді, міне, көпбалалы жанұя болып отыр. Төрт баласын өзі тасып жүрсін деп отбасымыздың атынан Айшаға автокөлік сыйға тарттық. Тойларың тойға ұлассын! Әр жанұя өсіп-өніп, ұл-қызының қуанышын тойлай берсін! Барлық сіңлі, бар бауыр махаббатқа лайықты", - деді Роза Әлқожа.