Еділ Жаңбыршиннің еркіндік туралы жазбасы жұртты ойландырды

11.07.2026 13:31 Қарақат АСЫЛОВА
Еділ Жаңбыршиннің еркіндік туралы жазбасы жұртты ойландырды
259

VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында еркіндік пен ар-намыс жайлы ой қозғап, оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Депутат өз жазбасында испан жазушысы Мигель де Сервантестің әйгілі «Дон Кихот» романынан үзінді келтіріп, еркіндіктің адам үшін ең қымбат құндылық екенін атап өтті.

Жазбада:

«Еркіндік – адамға берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол үшін де, ар-намыс үшін де қажет болса өмірді қатерге тігуге болады. Ал құлдық – адам баласы үшін ең ауыр қасірет» деген мазмұндағы ой келтірілген.

2021 жылдан бері Мәжіліс депутаты ретінде жұмыс істеп, экология, инфрақұрылым, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және табиғатты қорғау мәселелерін жиі көтерген саясаткерлердің бірі ретінде танылды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап VIII шақырылым Мәжілісінің өкілеттігі тоқтатылды. Бұл өзгеріс жаңа Конституцияның күшіне енуімен байланысты жүзеге асып, бұрынғы қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылатын болды.

Войдите, чтобы оставить комментарий