Екі адам ұсталды: Алматы облысында 29 жастағы жігіттің мәйіті табылды

31.05.2026 17:54 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Екі адам ұсталды: Алматы облысында 29 жастағы жігіттің мәйіті табылды
1968
Фото: depositphotos.com

Алматы облысының Ұйғыр ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 29 жастағы ер адамның мәйіті өзі жұмыс істейтін демалыс орнының маңынан табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті редакциямызға бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, 27 мамырда марқұмның анасы полицияға ұлының жұмысқа кетіп қайта оралмағаны туралы арыз түсіргеннен кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын бастаған.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде марқұмның денесі өзі жұмыс істейтін демалыс орнының маңынан табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мен оның әріптестері арасында ішімдік ішу барысында жанжал шығып, салдарынан жәбірленушіге дене жарақаттары салынған. Кісі өлтіру және қылмысты жасыру деректері бойынша қылмыстық істер қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полициядан.

Сондай-ақ оқиға кезінде қастарында болған үшінші адамға қатысты нақты шешім тергеу қорытындысы бойынша қабылданатыны айтылды. Полиция қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның қалай болғанын толық анықтау үшін барлық қажетті процестік іс-әрекеттер жасалып жатырғанын жеткізді.

21:14 Мақала өңделді: мәтіні мен басты фотосуреті өзгертілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий