«Екі аяғымен жүрген адамға креслода қозғалмай ән айту өте қиын екен»: Болманов денсаулығы туралы айтты
Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов Алматы қаласында өтуі тиіс концертін кейінге шегеруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол денсаулығына байланысты осындай шешімге келген.
Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, Алматыдағы Республика сарайында өтуі тиіс кешке 3,5 мыңға жуық көрермен билет сатып алған.
Ұйымдастырушылар концертті тоқтатпай, әншіге креслоға отырып, концерт өткізуді ұсынған. Бірақ Болмановтың бұған намысы жібермегенін және денсаулықтан артық байлықтың жоқ екенін айтты.
«Өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай сахнада ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен. Сіз де, біз де темірден жаралған жоқпыз және әрқашан намысты, ұятты алға тартамыз да, Алланың аманатқа берген денсаулығын бәрінен кейінге, артқа ысыра саламыз ғой көп жағдайда. Ең басты себеп – дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі. Бір ауыз сөз», – деп жазды ол.
Осы жағдайларға байланысты әнші Республика сарайындағы концертін 18 маусымға ауыстыруды шешіпті.
«Бүгін – 18 мамыр. Тура бір айдан соң, 18 маусымда, «Қақатынымның» 25 жылдығында Қыдырдың «улучшенная версиясы» болып тұрамын бұйыртса! Қадірменді көрерменнің алдында екі аяғымды тең басып, екі аяғымнан тік тұрып, сіздерге қызмет етеміз, Алла қаласа!» – деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар