Екібастұзда ер адам екпеден кейін қайтыс болды

14.11.2025 13:18 Әсел Мұрат
Екібастұзда ер адам екпеден кейін қайтыс болды
0
104
Фото: ашық дереккөз

Екібастұздың 40 жастағы тұрғыны буынға жасалған инъекциядан кейін бірнеше күн ішінде ауыр халге түсіп, ауруханада жан тапсырды. Туыстары оның өліміне медициналық көмектің сапасыз көрсетілуі себеп болды деп отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап.

Марқұм 8 қыркүйекте тізе ауырсынуымен жекеменшік орталыққа барған. 10 қыркүйекте оған буынға инъекция жасалды. Туыстарының айтуынша, келесі күні аяғы ісініп, дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған.

«Сепсис деп жазып отыр. Демек, оған инфекция енген. Біз кінәлілердің жазаланғанын қалаймыз», – дейді туыстары.

Жедел жәрдем бірнеше рет келген. Бірінші шақыруда оны емханаға жүгінуге бағыттаған. Кейбірінде шақыру бойынша толтырған медициналық құжаттарында, яғни ресми есепте ер адамның «ауруханаға жатудан бас тартқаны» көрсетілген.

Алайда жақындары бұл деректі жоққа шығарып, оның қол қоя алатындай күйде болмағанын айтады.

Жағдайы қиындаған соң ол ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалған. Кейін қала ауруханасының реанимациясына ауыстырылып, 14 қыркүйекте көз жұмды.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий