Экология министрі көлік қозғалтқышын қыздыруға қатысты ережені қолдады

Экология министрі көлік қозғалтқышын қыздыруға қатысты ережені қолдады
21.01.2025 15:07
0
189
xphotoz/Getty Images
Ерлан Нысанбаев: "5 минут көлікті қыздыруға жеткілікті"

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздыруға тыйым салу ережесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Экологиялық тұрғыдан алғанда, біз бұл талапты қолдаймыз. Жол қозғалысы ережелерінде көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайтыны көрсетілген. Бұл талапты орындау маңызды," – деді министр.

Нысанбаевтың айтуынша, тіпті солтүстік аймақтарда да көлікті 5 минут қыздыру жеткілікті. Министр өз көлігіне эксперимент жасап, нәтижелерін көпшілікке жариялайтынын айтты.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев:
Бұл норманы аймақтардың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып қайта қарастыруды;
Зиянды қалдықтарды азайтудың балама және әділ шараларын әзірлеуді ұсынған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий