Экс-президенттің ұлы сотталды
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев билікті басып алуға дайындалғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаппай тәртіпсіздікке дайындалу ісін Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты қарады. Сотталушылар орындығында Социал-демократиялық партияның (СДПК) жетекшісі Қадыр Атамбаев және партияның өзге де өкілдері болды.
24.kg жазуынша, сот үкімімен 33 жастағы Қадырбек Атамбаев кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады.
Сонымен қатар:
- Темірлан Сұлтанбеков кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сайлаушылардың дауысын сатып алу туралы 2025 жылғы үкім бойынша өтелмеген мерзімі ескеріле отырып, жиынтығында мүлкі тәркіленіп, 7 жыл жаза тағайындалды;
- Ермек Ерматов кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған пробация қолданылып, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеуден босатылды;
- Құбанышбек Қадыров ақталды;
- Жеңіс Әбдірахманов мүлкі тәркіленіп, 8 жылға сотталды;
- Серікбай Құбаланбек ұлы жазадан босатылып, Қазақстанға шығарылды.
2025 жылдың қараша айының соңында Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының жетекшілері қолданыстағы билікті құлатуға шақырды деген айыппен ұсталғаны хабарланған еді. Ұсталғандардың арасында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы – Қадыр Атамбаев та бар. ІІМ 10 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, олар парламент депутаттарының мерзімінен бұрын өткен сайлауынан кейін жаппай қарсылық акцияларын дайындаған.
Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарған. 2020 жылы ол жер телімдерін заңсыз иемдену, заңсыз баю және 2019 жылғы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырыла отырып, 11,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Соңғы жаңалықтар