Елге танымал спортшы қайтыс болған соң ағзалары төрт адамға өмір сыйлады

05.10.2026 • 12:23 Мөлдір ҚАЙНАР
Елге танымал спортшы қайтыс болған соң ағзалары төрт адамға өмір сыйлады
124
Фото: mothershipsg

Сингапурда 24 жастағы муай-тай шебері Дамиан Онг қайтыс болғаннан кейін өз ағзаларын донор ретінде төрт науқасқа берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Спортшы 12 қыркүйекте сүт безі қатерлі ісігімен күрес қорына қаражат жинауға арналған AMC 13 – Fight for Hope қайырымдылық жекпе-жегі кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, 27 қыркүйекте спортшы көз жұмды.

Марқұмның соңғы тілегі бойынша оның жүрегі ауыр дертке шалдыққан науқасқа, бауыры екі жылдан астам уақыт бойы кезекте тұрған егде жастағы әйелге берілді. Ал бүйректері жылдар бойы диализде болған 40 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйелге трансплантацияланды.

"Онг бұл адамдардың өмірін өзгертті. Оларды ауыр диализ процедурасынан арылтып, жақындарымен бірге өмір сүруге жаңа мүмкіндік сыйлады", – деді трансплантологтар

Войдите, чтобы оставить комментарий