Елімізде казино ашқан екі шетелдікке іздеу жарияланды

02.02.2026 10:49 Әсел Мұрат
Елімізде казино ашқан екі шетелдікке іздеу жарияланды
195
Фото: freepik.com

Қаржылық мониторинг агенттігі екі шетелдікке іздеу жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Агенттік 1970 жылы 27 маусымда туған, АҚШ азаматы Дмитры Дружинскы мен 1985 жылы 8 қарашада туған, Украина азаматы Марина Левковичке (Гинзбург) іздеу жариялады

 Сот оларға сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын бекіткен. Олар Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, байланысы бар  компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар тобы басқарғаны анықталды.

«Дружинскы мен Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан», - делінген агенттік хабарламасында.

Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында олар «PIN-UP.KZ» брендімен букмекерлік қызме түшін мемлекеттік лицензия алған «Бонами» ЖШС заңды тұлғасын құрған.

«Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған «Gold Pay» ЖШС және «Cyber Pay» ЖШС (кейіннен — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді», - деп хабарлайды ҚМА.

Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін криптовалютаға айырбасталған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий