Елімізде орыс тіліне ерекше құрмет пен қолдау көрсетіледі – Тоқаев

11.11.2025 11:29 Әсел Мұрат
Елімізде орыс тіліне ерекше құрмет пен қолдау көрсетіледі – Тоқаев
0
187
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымында «Вечная дружба – путеводная звезда для наших народов» атты мақаласында еліміздегі орыс тілінің рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, тілдік алуантүрлілік – еліміздің бірегей артықшылығы және орыс тілі бұл кеңістікте ерекше орын алады.

«Біздің елімізде қоғамның әлеуметтік-саяси, ғылыми-білім беру және рухани өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын орыс тіліне ерекше құрмет пен қолдау көрсетіледі Мен Қазақстан жастары бірнеше тілді – қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын, қытай және басқа да тілдерді жетік білуі керек деп сенемін. Бұл жаһанданған әлемде табысқа жетудің маңызды шарты», - делінген Тоқаевтың мақаласында.

Президент неліктен орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын көтергеніне де тоқталып өтті.

«Біз орыс тілін қолдауды халықтар арасындағы диалог пен сенімді нығайтатын кең ауқымды гуманитарлық ынтымақтастықтың бөлігі ретінде қарастырамыз. Сондықтан мен Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасын көтердім», - деп жазды президент.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий