Елордада автобус кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кетті

Елордада автобус кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кетті
Видеодан кадрлар

Астанада маршруттық автобус кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиға 13 қараша күні Молдағалиев көшесінде болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жолдың реттелетін бөлігінен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан. Салдарынан бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта оның жасы, алған жарақатының сипаты мен денсаулық жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ. Полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу