Еңбек министрлігінің шенеуніктері мемлекеттік деректерді сатқан

Еңбек министрлігінің шенеуніктері мемлекеттік деректерді сатқан
01.07.2025 09:22
0
168
Фото: securiti.ai

Еңбек министрлігіндегі жанжал: мемлекеттік деректерді сатқан шенеуніктер әшкере болды

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған деректер дауы туындады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да мемлекеттік деректер базасынан жеке компанияға ақпарат беру схемасы әшкереленді. Тергеу соты бұл іске қатысы бар үш адамды — жеке компания басшысын және бұрынғы екі вице-министрді қамауға алуға санкция берді.

Соңғы жылдары қазақстандықтардың жеке деректерінің сыртқа шығып кетуі жиілеп кетті. Жақында ғана 16 миллион азаматтың жеке ақпараты ашық қолжетімді болғаны белгілі болды. Бірақ бұл мәліметтер қайдан ағып жатыр?

Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті жүргізген тергеу барысында тағы бір осал тұс анықталды. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» ұзақ уақыт бойы кейбір ұйымдарға мемлекеттік деректерге артықшылықпен қол жеткізуге мүмкіндік беріп келген. Бұл орталық азаматтардың зейнетақы аударымдары, жәрдемақылары, әлеуметтік мәртебесі мен еңбек келісімшарттары секілді маңызды деректерді жинайды.

Ақпарат — бұл ақша. Ал бұл жағдайда қарапайым азаматтардың қаржылық ағындары туралы мәліметтерге ерекше қызығушылық танытқан «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС. Тергеу барысында бұл компанияның басшысы Руслан Омаровтың орталық басшылығына жүйелі түрде пара беріп келгені анықталды. Ол 80 мың доллар көлемінде пара берген сәтінде ұсталды.

Бұл қаржыға бюро орталықтың ішкі жүйесіне VPN арқылы қосылып, бәсекелестерінен бұрын азаматтар туралы өзекті ақпаратты алып отырған. Кейін бұл мәліметтер негізінде кредиттік досьелер жасалып, екінші деңгейлі банктерге сатылған.

Тергеу сотының шешімімен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» бұрынғы басшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған Дәулет Арғандықов қамауға алынды. Сонымен қатар, қазіргі басшы Ақмәди Сарбасов та күдікке ілінді. Ол бұл қызметке бірнеше ай бұрын ғана, Еңбек министрлігіндегі бірінші вице-министр лауазымынан ауысқан болатын.

Дереккөз: Kozachkov offside

Дәулет Арғындықов

Ақмәди Сарбасов

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий