Енді барлық бағдаршамдарды жасанды интеллект басқарады

Енді барлық бағдаршамдарды жасанды интеллект басқарады
20.01.2025 09:17
0
213
nv.kz
Қарағандыда жол қозғалысын толықтай жасанды интеллект басқарады

2025 жылдың наурызына дейін Қарағанды қаласындағы барлық жол қозғалысы «Ақылды бағдаршам» жүйесіне көшіріледі. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция басқармасының басшысы Шахназар Салин мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Облыста 200 мыңнан астам көлік тіркелген, олардың саны жыл сайын артып келеді. Жаңа жүйе көлік қозғалысын жақсартып, кептелістерді азайту арқылы жүргізушілердің уақытын үнемдеуге көмектеседі деп күтілуде.

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожуховтың айтуынша, жасанды интеллект жол қозғалысын реттеп, әсіресе, қарбалас уақытта жолдарды жеңілдетуге септігін тигізеді.

«Бүгінгі күні жасанды интеллект енгізілді. Қалған бағдаршамдарға жабдық орнатылып, жүйе бапталуда. Қазір жетінші магистраль мен Тәттімбет көшесіне, сондай-ақ Бұқар-жырау даңғылына баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Наурыз айына дейін қала толығымен «Ақылды бағдаршам» жүйесіне көшіріледі», – деп мәлімдеді әкім.

Жаңа жүйе жүргізушілердің жолда өткізетін уақытын қысқартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или