Енді мектеп формасын кимеген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынады
551
Оқушы мектеп формасына сай келмейтін киіммен келсе де оны сабаққа кіргізбеуге болмайды, алайда бұл үшін ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Вице-министр "Білім туралы" заңға сәйкес баланы оқу процесінен алшақтатуға тыйым салынғанын еске салды.
"Бала сапалы білім алуға құқылы. Сондықтан оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін киіммен келсе де, оны мектепке кіргізбеуге болмайды", – деді Шынар Ақпарова.
Дегенмен, заңнама талаптарына сәйкес ата-аналар бекітілген мектеп формасының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
"Білім туралы" заңда оқушыларға қатысты 47-бап және ата-аналарға қатысты 49-бап бар. Ата-аналар білім беру ұйымы бекіткен форма талаптарын орындауы қажет. Бұл талаптарды бұзғаны үшін ата-аналарға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...