«Енді Қайрекең жайлы жазбаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы маңызды мәлімдеме жасады

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұдан былай марқұм күйеуі туралы ешқандай естілекпен бөліспейтінін мәлімдеді. Өйткені бұл жылды жарқын өткізгісі келетінін айтты.
Екі ұлының ер жетіп қалған азамат екенін алға тартты.
«Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын, архивпен де бөліспеймін деп шештім. Әулетіміздің азаматы, жарым, балаларымның әкесінің есімі тек шаңырағындағы дастарханда ғана айтылып, еске алынғанын қалаймын. Бастысы біздің ниетіміз бен ішкі сезімдеріміз Аллаға аян. Ұлдарымды да сирек көресіздер. Себебі, екеуі ержетіп, ес жиып қалды. Жеке шекарасы, өз ойы бар азаматтар. Құндылықтары да басқа. Сондықтан, тек олардың рұқсатымен ғана», – деп жазды Л. Сұлтанқызы.
Одан бөлек Ләйлә Сұлтанқызы жеке өмірі жайында ешкімге сыр ашпайтынын және ендігіде анасымен көп уақыт өткізгісі келетінін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар




