"Енді сәлем салып жібер": Баян Алагөзова ұлттық шапан киіп, ел алдына шықты

Белгілі продюсер және актриса Баян Мақсатқызы Ұлттық киім күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде ерекше жазба қалдырды. Ол журналист Динара Сәтжан және Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен бірге түскен суретін жариялап, үшеуінің де қазақтың ұлттық киімі – шапан киіп түскенін көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Продюсер өз жазбасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық киімге қатысты сөзін келтіріп:
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық, – деп атап өтті. Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер туғызды.
Кейбір қолданушылар: "Сәлем салуды жабайылыққа теңеген адамның шапан киіп тұрғаны қызық екен", – десе, енді бірі: "Ұлттық киімді ұлықтайтын кез жетті", – деген ой білдірді. Сондай-ақ, "Баянға бәрі жарасады", "Енді үшеуің сәлем салып жіберіңдер", – деген әзіл-оспаққа толы пікірлер де жазылды.
Айта кетейік, елімізде наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленді. Бұл күн қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен дәріптеуге арналған. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған бұл бастама халықтың үлкен қолдауына ие болуда.
Соңғы жаңалықтар





