Жетісу облысында 38 жылқы өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Жетісу облысында 38 жылқы өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)
Фото: Бейнеден кадр

Жетісу облысында Күршімнен Шымкентке 38 жылқы тасымалдап бара жатқан жүк көлігі жолда өртене бастаған. Полицейлер барлық жылқыны аман алып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгін Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде өртене бастаған Volvo жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмекке келген.

Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, полицейлер бір жағынан өртті сөндіруге кіріссе, екінші жағынан жылқыларды көліктен шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу