"Еңгезердей жігіттің тірлігі ұят болды": Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасқа жазба арнады
1142
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев қамауда жатқан әріптесі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, деп хабарлайды politico.kz.
“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші.Айта кетейік, 5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады