Ер адам жүкті әйелдің ішін жарып тастады

07.10.2026 • 15:23 Мөлдір ҚАЙНАР
Ер адам жүкті әйелдің ішін жарып тастады
169
Фото: istock

АҚШ-тың Кентукки штатында жүкті әйелге аса қатыгездікпен шабуыл жасаған күдікті ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды People басылымына сілтеме жасаған Politico.kz.

41 жастағы Эйприл Барлоу Селионың мәйіті 23 қыркүйекте өз үйінен табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, қаскөй марқұмның ішін жарып, дүниеге келмеген нәрестесін кесіп алғаны анықталды. Кейіннен полицейлер үйді қайта тінтіп, нәрестенің қалдықтарын тапқан.

Жедел тергеу шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің кім екенін анықтады. Ол — бұрын да бірнеше рет заң бұзған Демаркус Кеннет Джонсон-Райт есімді азамат болып шықты. Қылмыскер басқа штатқа қашып үлгергенімен, оны іздеу тобы тауып, қолға түсірді. Бұған дейін ол қарақшылық, адам ұрлау, заңсыз қару сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша күдікке ілінген.

Қайғылы жағдайда көз жұмған әйелдің артында жұбайы мен үш баласы қалды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий