Ерке Есмахан күйеуімен Дубайда не істеп жүргенін көрсетті

Жұбайы және кіші ұлымен Дубайда жүрген әнші Ерке Есмахан ол жақта кіммен кездескенін көрсетті. Әнші құрбысымен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ.сайтына сілтеме жасап.
Өткен аптада Ерке Есмахан күйеуімен бірге тағы да саяхатқа шығуды жоспарлап жүргенін айтқан.
Ерлі-зайыпты бұл жолы Дубайға ұшып кетті. Ол жақта жұлдызды жұп шопинг жасап, демалып жатыр. Өнер иесі Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын құрбысы, қазақстандық актриса Гүлназ Жолановамен жолыққан.
"Отбасымен Дубайда тұратын құрбым – Гүлназ Жоланова. Көптен кездесе алмай жүр едік, бүгін бұйырыпты", - деп жазған әнші құрбысымен бірге түскен суретін жариялады.
Гүлназ Жоланова да Ерке Есмаханның Instagram желісіндегі story-ін бөлісті.
"Бүгінгі таңым осылай басталды", - деп жазды "Бизнес по-казахски" фильмінің жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар





